Біліктілікті арттыру және қосдипломдық білім беру Институты "АЭжБУ" КЕАҚ-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, ол біліктілікті арттыру курсының тыңдаушылары, студенттер, мектеп оқушылары үшін қосымша ақылы білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.

Институт қызметінің бағыттары:

  • Энергетика және телекоммуникация саласының ма мандары үшінт біліктілікті арттыру курстары (БАК). Жоспар-кесте. План-график
  • Серіктес-жоолармен қосдипломдық бағдарлама бойынша білім беру. Толығырақ...
  • Энергетикалық аудит және/немесе энергияменжабдықтау сараптамасын жүзеге асыратын кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау оқу орталығы. Толығырақ...
  • Тілдерді оқыту және аударма орталығы. Толығырақ...

Біліктілікті арттыру курстары

«Алматы энергетика және байланыс университеті » КЕАҚ-та энергетика және телекоммуникация саласы мамандары үшін біліктілікті арттыру курстары 1999 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады. Осы уакыт ішінде 500-ден астам курстар өткізіліп, мұнда 700-ден астам тыңдаушы оқыды. отын-энергетика кешенінің, өнеркәсіптік кәсіпорындардың , телекоммуникация саласының 400-ден астам мамандары жыл сайын осы курстарда біліктіліктерін арттырады.

Тыңдаушыларды оқыту сапасын арттыру мақсатында оқу үрдісіне жаңа тақырыптық курстар әзірленіп, енгізілуде, мұнда ғылым мен техниканың, технологиялардың заманауи жетістіктері, техника дамуының бағыттары,жаңа заң актілері көрсетілген.

Теориялық сабақтар мультимедиялық техникалары бар дәрісханаларда өткізіледі, практикалық сабақтар мен зертханалық сабақтар Интернет желісіне қосылған заманауи компьютерлік техникамен және бағдарламалық қамтулармен, оқу стенділерімен, АВВ, Siemens, Schneider Electric және басқа да компаниялардың электр және жылуэнергетика өнеркәсіптік жабдықтарымен жасақталған сыныптарда өткізіледі.

Schneider Electric «АВВ»

Ұйымдардың жеке тапсырыстары бойынша жұмыстарға ерекше көңіл бөлінеді. ҚР-ның Энергетикалық кеден мамандары, ҚР ҚҰК Үкіметтік байланысты қамтамасыз ету Орталығының қызметкерлері , ҚР Президентінің күзет Қызметініің қызметкерлері мен ҚР ІІМ қызметкерлері, Халық банкінің қызметкерлері және т.б. үшін курстар ұйымдастырылып, өткізілді.

Курстарда сабақ жүргізуге төменде көрсетілген мамандандырылғанкафедралардың профессорлық-оқытушылар құрамы жұмылдырылған:

Курстарда сабақ жүргізуге университеттің профессорлық-оқытушылар құрамымен бірге кәсіпорындардың, жаңа техника, жабдықтар мен технологиялардың өндірушілері мен әзірлеуші-фирмалардың, орасан зор ғылыми-әдістемелік және практикалық жұмыс тәжірибесі бар басқа жоғары оқу орындарының жоғары білікті мамандары да жұмылдырылған.

2002-2004 ж.ж. Санкт-Петербург Энергетиктердің біліктілігін арттыру энергетика университетінің атақты ғалымдары жұмылдырылған бес халықаралық біліктілікті арттыру курстары өткізілді, мұнда 100-ден аса тыңдаушы оқыды, олардың 29-ы университет қызметкерлері.

2016 жылы Энергетик-мамандардың біліктілігін арттыру Санкт-Петербург энергетика институтымен бұдан кейінгі ынтымақтастық келісіміне қол қойылды.

Оқыту ұзақтығы курс тақырыбына байланысты және 36 және 72 сағатты құрайды.

После окончания курсов слушателям выдается сертификат о повышении квалификации и раздаточный материал на CD-дисках.

Бұдан басқа АЭжБУ-да Cisco Sistem халықаралық корпорациясының Аймақтық Академиясы, Microsoft Академиясы, телекоммуникация саласында мамандардың біліктілігін арттыру бойынша осы фирмалардың дипломын беретін , D-Link және ISCRATEL оқу орталықтары. Сабақтарды халықаралық сертификаттары бар АЭжБУ оқытушылары жүргізеді.

Институт директоры

Манапова Гүлнәр Жамбылқызы, техника ғылымдарының кандидаты, доцент

Джексенбинов Дамир Жанатбекович

Біліктілікті арттыру бойынша
директордың орынбасары

Сугирбекова Асем
Жумабековна

Маман

Дельмухамбетова Асия Гадылбековна

Маман

БАИ (біліктілікті арттыру институты) мен Жоо-ға дейінгі оқыту профессорлық оқытушылар құрамы мен АЭжБУ-дің қызметкерлерін «Электрик еместерге арналған электрик» тақырыбы бойынша жооішілік тегін біліктілікті арттыру курстарына шақырады. Сабақтар 2018 жылдың 15қаңтарынан басталады. Курстарға жазылу: +7(727)292 74 81, +77076006425. Толығырақ...

Курс бағдарламасы

БАИ (біліктілікті арттыру институты) мен жоғары оқу орнына дейінгі оқытуда заманауи бағдарламалау мектебі ашылды.

Толығырақ...

MINI МВА «Ішкі жобаларды басқару»

MINI МВА «Ішкі жобаларды басқару» Толығырақ...

Мұрағат

02 қараша 2017ж. Сағ. 18 40-та МЭИ қашықтан және қосымша білім беру институты директоры, экономика ғылымдарының докторы, доцент Шиндина Татьяна Александровнаның ашық дәрісі болады.

Мекен-жай: Алматы, А. Байтурсынов көш. 126, корпус А-325

Телефон: 8 (727) 2927481, 8 (727)2925480;
Факс: 8 (727) 2927481

Email: fdo@aipet.kz, kpk@aipet.kz